Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда отандық өнім сататын дүкен ашылды

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2016
  • 4618

«Қазақстанда жасалған». Қарағандыда отандық өнім сататын тұңғыш әмбебап дүкен ашылды. Онда Қазақстанның 20 жеңіл өнеркәсіп өндірушісінің тауарлары ұсынылған. Ал бренд ассортименті сан алуан. Іскерлік костюмдер, бүкіл отбасына арналған жейделер мен спорт киімдері, бәтеңкелер мен тоқыма бұйымдар. Кәсіпкерлердің айтуынша, қазақстандық өнімдердің сапасы шетелдікінен кем емес. Бәсекеге қабілетті, кейбірінің бағасы импорттан едәуір арзан. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағы осындай сауда орталықтары арқылы жергілікті тауарлардың танымалдылығын арттыруды көздеп отыр.

Әмбебап дүкеннің алғашқы тұтынушысы аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков болды. Ол дүкеннен өзіне тоқыма жейде сатып алды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен кәсіпкерлердің атынан 20 көп балалы отбасыға арнайы сертификаттар табысталды. Ата-аналар балаларына мектеп киімдерін өз қалауларынша таңдап алды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Қазақстанда мақтаны өзіміз өсіреміз, сол мақтадан мата шығарамыз. Матадан киім тігіп, нарығымызға шығарғалы жатырмыз, шығарып та жатырмыз. Халқымыз мұны кең түрінде көріп, біліп алатын болып жатса, әрине, бұл жақсы болады. 

Айжан ҚУАШ