Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында автокөлік жүк пойызына соғылып, 3 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2023
  • 927

Ақмола облысында автокөлік жүк пойызына соғылып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 20 ақпанда сағат 6.45-те Бурабай - Шортанды учаскесінде болған.

 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

«Автокөлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан құрбан болғандар бар. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болды», - делінген хабарламада.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.