Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда такси қызметтері бір жылда 12% - ға қымбаттады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2023
  • 1391

Қазақстанда такси қызметі ТМД елдері ішінде өзге мемлекеттермен салыстырғанда қымбатырақ. Бірақ, әлемдегі ең арзан жолақысын төлейтіндердің қатарында қазақстандықтар бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы energyprom.kz - ке сілтеме жасап.

Өңірлер арасында Атырау облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді: бір жылда такси қызметі бірден 37,5% - ға қымбаттаған. Одан кейін Жетісу облысында 33% - ға, Абай облысында - 31,2% -ға өскен.

Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: небәрі 0,5% - ға. Тағы үш облыста — Қарағанды, Түркістан және Ұлытау — бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

2023 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша, Numbeo мәліметтеріне сәйкес, стандартты тариф бойынша 1 шақырымға есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Египетте тіркелді (0 0,16 АҚШ доллары), Пәкістан (0 0,19 АҚШ доллары) және Беларусь (0 0,2 АҚШ).

ТМД елдерінің ішінде «арзан» елдердің ондығына Армения мен Өзбекстан да кірді, шақырымы - 0,26 доллардан. Ал Украина, Молдова және Ресейде - 0,27 доллардан. Қазақстанда такси қызметтері қымбатырақ - 0,44 доллар және Әзірбайжанда - 0 0,59 АҚШ доллары.

Ең жоғары баға Швейцарияда екен. Онда бір шақырым жолақысының құны - 4 4,25 АҚШ доллары, Кувейтте - 3 3,27 және Ямайкада - 3 3,26 доллар.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметтерін көрсететін компаниялардың табысы бір жылда 16% - ға, 5 млрд теңгеге дейін өскен.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында байқалды, онда сектордағы компаниялардың табысы 2,1 млрд теңгеге жетті. Яғни, кіріс 49,5% - ға өскен. Көшбасшылар үштігіне елорда 1,1 млрд тг, (+0,2%) және Алматы 1 млрд тг, ( - 0,9%) кірді.

Осы аралықта такси қызметтерін 2,4 млрд жолаушы пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% - ға аз. Жолаушылар айналымы бір жылда 2,6% - ға, 33,9 млрд км-ге дейін қысқарды.