Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 50-ден астам қытайлық кәсіпорын жұмысын бастайды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2016
  • 2260

Алдағы уақытта Қазақстанда 50-ден астам қытайлық кәсіпорын жұмысын бастайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне берген сұқбатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Жалпы құны 26 млрд долларды құрайтын жобалар жеңіл өнеркәсіп, тау кен металлургия, машина жасау мен энергетика салаларын қамтиды.

Қытайға жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика мен мәдени-гуманитарлық салалардағы іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды. Мемлекет басшыларының келіссөздері нәтижесінде 4 бірдей келісімге қол қойылды. Қос ел басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G-20 саммитіне қатысады деп жоспарланған. Үлкен жиырмалықтың жиынына 27 елдің басшысы келмек. Олардың қатарында Владимир Путин мен Барак Обама да бар. Сонымен қатар бұл жиын аясында АҚШ басшысы мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі өтеді деп күтіліп отыр. Тараптар ислам уағыздаушысы Гюленді экстрадициялау жайын сөз етуі мүмкін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА