Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда төрт балаға иіс тиді

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2023
  • 1133

Ең кішісі 2 жасар сәби. Дәрігерлер төртеуіне де орташа деңгейде улану диагнозын қойды, - деп хабарлайды хабар 24.

Тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне оралған. Бірақ, бірнеше күн мамандардың бақылауында болады. Мамандардың айтуынша, жеке үйдегі пештен ақау шыққан.

Таңертең ұйқысынан оянған балалар әлсіреп, басы айналыпты. Олардың 32 жастағы анасына да осындай диагноз қойылды.

Әсемгүл БАЙБӨРИНОВА, ПЕДИАТР ДӘРІГЕР:

Олар анасымен бірге жекеменшік сектордағы үйде болған. Таңертең тұрғанда үйдің ішінен түтіннің иісі қатты шыққан. Балалар облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызылды. Толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде.