Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда дүкеннен шоколад ұрлау фактісі жиілеген

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2023
  • 875

Соңғы уақытта Орал қаласындағы супермаркеттер мен дүкендерден шоколад ұрлау фактілері көптеп кездеседі. Ал мұндай тәттілерді жасөспірімдер емес, орта жастағы тұрғындар ұрлайды. Жауап алу кезінде анықталғанындай, біріншіден, бұл «Мерси» шоколадының қорабы жіңішке, салып алуға ыңғайлы, екіншіден, сату кезінде де арзан бағаға өте өтімді тауар болып есептеледі.

Мәселен, 32 жасар азамат қаладағы супермаркеттен 6 дана «Мерси» шоколадын алып шықса, сол күні кеште сол супермаркеттен 40 жасар азамат тағы сол шоколадты ұрлайды. Тағы екі күннен кейін, 36 жастағы әйел басқа дүкеннен осындай шоколадтың 4-еуін қолды қылған. Ал ақпанның 10 күні 1976 жылғы тұрғын «Мерси» шоколадының 3 данасын білдіртпей ұрлап кеткен.

Сондай-ақ, 42 жасар ер адам супермаркетте сөредегі құны 6 816 теңгені құрайтын «Ballantines» маркілі виски ішімдігін қолтығына салып алып шығып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленген жоқ, алайда, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған фактілерге қатысты Орал қ. ПБ Абай Пб қызметкерлері күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.