«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.