Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпорын құрылтайшысы алкоголь өнімін заңсыз өндірген

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2023
  • 934

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қостанайда алкоголь өнімін заңсыз өндірген кәсіпорын құрылтайшысының қылмыстық әрекетін әшкерледі.

Ол бір жыл бойы акциздерді төлеуден жалтару мақсатында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар шараптың бірнеше түрін астыртын өндіріп, өткізіп отырған. Жасырын кәсібін ЖШС өндірістік цехында жасаған.

Санкцияланған тінту барысында жиырма мыңнан астам затбелгі табылып тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 233-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.