Жамбыл
облысында жолаушы тасымалынан шу шықты. Жуалы ауданы тұрғындарының
«Тараз-Жуалы» бағытымен қатынайтын шағын автобустардың жұмысына көңілі
толмайды. Айтуларынша, қоғамдық көліктер арнайы автобекеттен емес, базар
маңынан жолаушы мінгізеді. Бұл аумақтағы көше өте тар. Ал тасымалдаушылар
жұрттың өзі автобекетке келмейтінін айтуда. Данияр Әлімқұл тарқатады.
Данияр
Әлімқұл, тілші:
50
жылдай ел игілігі үшін жұмыс істеп келген автостанцияның бүгінгі бейнесі осы.
Қаңырап, қаусап тұр. Бұқара болса, бұрынғысынша осы жерден қатынауды қалайды.
Ал, қоғамдық көліктердің бұл жерді тастап, базар маңына барғанына бір жарым
жылдан асқан. Тұрғындар, базардың тар көшесіндегі тасымал жұмыстарына наразы.
Мұнда
абыр-сабыр. Кісі қарасы да қалың. Көліктер де самсап тұр. Бұл жерден күн сайын
Тараз бағытына 16 көлік қатынайды.
Автовокзал
автовокзал болып қалсын дейміз. Барлық халықтың сұрап отырғаны сол. Міне, мына
жерде адам деген қандай, қырғын боп жатыр.
Осы
жер толпа! Ешқандай жүру мүмкіндігі жоқ. Ешкім баласын алып жүре алмайды.
Бір
қыз, бір баланы қағып кеткен. Бір кемпірді де қағып кеткен. Барлығын ақшамен
жауып отыр.
Қоғамдық
көліктер «Жуалы-Жолаушы» серіктестігіне тиесілі. Басшысы автостанцияға адам аяғы баспаған соң
күнкөрістің қамамымен базар жағалап жүргендерін айтады.
Жанболат
Баубеков, «Жуалы-Жолаушы» ЖШС басшысы:
Қосалқы
бөлшектер 100 пайызға, жанар-жағармай 25 пайызға қымбаттады. Ал бірақ біз еш уақытта бағаны көтерген жоқпыз.
Сол 300 теңгемен отырмыз әлі. Автовкозалда адам болмағандықтан және халықтың
неқұрлым көп шоғырланғаны базар болғандықтан, біз депутаттарға хатпен шығып,
солар рұқсат берген тұруға.
Әкімдік
өкілдері базарға баруға рұқсат бермесек, жолаушылар қатынайтын бағыт жабылып
қалады деп отыр. Ал олар 7 көлікпен айына 12 мың адамды Жуалы-Тараз бағытында
тасиды.
Айтжан
Жұмабеков, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының
бөлім басшысы:
Автобус
тұрды, тұрды ешкім келмейді. Халықтың бәрі базардан қатынап жатыр. Автобусты
біз ол жерге қойып қоялық, сол күйі тұрады. Біздің қанша 10 графигіміз бар ма? 10 график сол, 10-ға
қарап тұра береді. Біз қызмет көрсету бекетінен ғана жүресің, орталық базарға
барма деген талап қойсақ, онда маршрут
жабылады. Бұл маршрутты алып тастау керек. Одан кейін тек таксилер жұмыс
жасайды.
Ал
Жуалы аудандық әкімдігінің өкілдері базарды үлкейтіп, автобекетке орын
қарастыру керек дейді. Сонда ғана мәселе шешімін таппақ. Ал ол 2 жылдан соң бой
көтереді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ