Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан алма мен алмұртты көбіне қай елдерге экспорттайды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2023
  • 1511
Фото: Максим Золотухин

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстанда өсірілетін алма мен алмұрт негізінен Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%-ы), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларус (216,9 тонна) елдеріне шығарылады.

Ең азы – Қырғызстанға: 37 тонна.

Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.

Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды.

ТОП 3 мемлекет:

Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%);

Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна