Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысының тұрғыны иесіз иттерді аулап, етін дәмханаларға сатқан

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2023
  • 994

Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп, иесіз иттерді аулап, олардың етін сатқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады

Күдіктінің үйінен жалпы салмағы 750 келіге жуық 50 сойылған иттің өлексесі табылған.

"Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді",-деп хабарлайды Polisia.kz.