Теміртауда "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді. Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелді.
Босанған әйелдің бұл 4 – ші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында "ана мен бала" палатасында. Жағдайлары қалыпты.
Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 г-нан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 г-нан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады.
2022 жылы үлкен салмақпен – 54 нәресте, алып салмақты -10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкені Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы - 6520 г.
2023 жылдың ағымдағы кезеңінде үлкен салмақты 4 сәби дүниеге келді, оның біреуі "Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында".