Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың солтүстік-батысында екі рет жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2023
  • 1021

Қытайдың солтүстік-батысында жұма күні 3,0 және 3,1 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы  Қытай сейсмология орталығы хабарлады.

Магнитудасы 3,0 жер сілкінісі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Ақсу округінде Бейжің уақытымен 10:45-те тіркелді. Ошағы10 км тереңдікте орналасқан.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында Бейжің уақытымен 11:44-те 3,1 магнитудасымен тағы бір тербеліс болды. Ошағы 10 км тереңдікте жатты.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Қытай сейсмология орталығының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері ҚХР аумағында магнитудасы 3,0 және одан жоғары 107 жер сілкінісі болған. Магнитудасы 6,1 болатын зілзала 30 қаңтарда ҚХР ШҰАӨ Ақсу округінде тіркелді.