Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы тұрғынын қорқытып, 3 млн теңге тұратын жылқысын алып кеткен

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2023
  • 1183

Түркістан облысының тұрғынын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп әкеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды.

Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы. Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.