Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыға Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісі сезілді

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2023
  • 1563

Жерасты дүмпулері Алматыдан 279 шақырым жерде болды, қалада 2 баллдық діріл сезілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 ақпан күні сағат 03:42-де алматылық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2.

MPV магнитудасы - 5,9.

Тереңдігі - 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2 балл Алматы қ.

27 ақпанда сағат 05:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1.

MPV магнитудасы - 5,6.

Тереңдігі - 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

26 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:59-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.