Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда қоймада жасырылған жарты млн қорап темекі табылды

Қарағанды тұрғынынан жарты млн қорап күмәнді темекі табылды. Акциздік маркасы жоқ 280 млн теңгенің тауарын ол қоймаға жасырып, кеншілер шаһарында сатпақ болған. Кәсіпкер заңсыз темекінің 40 тан астам түрін көрші Қырғызстаннан әкеліпті. Тауарды қоймада жасырып, салықтан жалтарған. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облыстық департаментінің тергеушілері барлық темекіні тәркілеп сотқа дейінгі тергеу басталды. «Темекі магнатының» барлық байланыстары тексеріліп жатыр. Кәсіпкер кінәсі дәлелденсе 2 жылға сотталуы мүмкін немесе 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мың қорапты құрайтын әртүрлі атаудағы темекі өнімдері табылып тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес есепке алынбаған темекінің жалпы құны 280 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу басталып жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.