Русский Сайттың толық нұсқасы

Террористер Қазақстанда 2001 жылғы АҚШ оқиғасын қайталамақ болған

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2016
  • 3319

Қазақстанда ұсталған лаңкестер 2001 жылы 11 қыркүйекте Америкада болған теоррорлық әрекетке ұқсас қылмыс жасауға тырысқан. Олар тіпті ұшақ айдап әкетпек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Әңгіме 18 тамызда Алматы облысында ұсталған қылмыстық топ жайлы. Әуе кемесін айдап әкету мақсатын көздеген олар Талдықорған әуежайын зерттеген.

Ал тағы бір лаңкестік топ мүшелері 2015 жылдың қарашасында Қазақстан аумағында және Мәскеуде «Париж оқиғаларына» ұқсас ауқымды террорлық актілер жасамақ болған. Және мұны шетелдегі террористердің тапсырмасы бойынша жасауға әрекеттенген. Ақпан айында осы топтың 5 мүшесі ұсталып, сотталды. Жалпы жыл басынан бері 4 адам мен 8 радикалды топ ұйымдастырмақ болған "қылмыстық әрекеттердің" жолы кесілді,- деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік қызметінің террозимге қарсы штабы.

Сәкен Мыңбаев, ҚР ҰҚҚ терроризммен күрес бойынша жедел штабының қызметкері:

Маусым айында Қарағанды облысында радикал тұлғалардың бір-бірімен байланысы бар екі топтың радикалды тұлғаларының әрекетінің жолы кесілді. Олардың кейбір мүшелері соғыс әрекеттері аймағына баруға дайындалған. Олар бірнеше нысандарды таңдаған. Солардың ішінде Балқаш қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлім де қарастырылған.

Радикалды топтардың көбеюіне ғаламтор арқылы толассыз жүріп жатқан үгіт-насихаттың әсері бар, - дейді комитет қызметкерлері. Ай сайын Ұлттық қауіпсіздік қызметі интернетте таралатын 70 мыңдай экстремистік материалдарға тосқауыл қояды екен. Сондай-ақ арнайы қызмет 70 шақты адамның Таяу Шығыс елдеріндегі соғысқа баруына тосқауыл болған. Жалпы 2016 жылы террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 57 радикалды тұлға сотталған.