Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 ауыл әкімі қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2016
  • 3818

Оңтүстік Қазақстан облысында жеті бірдей ауыл әкімі қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аймақтағы өкілдері хабарлады. Шенеуніктер «Балапан» және «Білім  беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» бөлінген қаражаттың 100 млн теңгеден астамын жымқырған деген күдікке ілінді. Мақтарал ауданындағы «Жаңа жол» ауылының әкімі Сатыбалдиев, есепші Омаровпен бірге «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшасының құрылтайшыларымен ымыраласып, 39 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны тексеру барысында анықталған.

Ерлан Егеубеков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  ұлттық бюросы оқо бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Бір балабақшаға бір баланы бір оқытушы баланы жасөспірімді 2-3 балабақшаға жалған түрде жазып қыстырып қойған. Сондықтан әр балаға бөлінетін ақша саны 7 АЕК- ке теңеледі - 14 мың теңге. Соны жылмен санап қосып келген кезде 39 млн теңге шығып тұр. Бір ауылдық округ бойынша.

Бұдан бөлек, мектепке дейінгі мекемелердегі "бармақ басты көз қысты" әрекетпен Нұрлыбаев ауылдық округінде 25 млн теңгеден астам қаржының заңсыз  игерілгені әшкере болды. Лауазымды тұлғалар қылмысын жасыру үшін тексеру органына ауызбастырық ретінде 4 млн теңгеден астам қаржыны пара ретінде ұсыныпты. Қазір 7 ауыл әкімі мен бір есепші уақытша қамауда отыр. Ал өзге балабақшалардың есепшілері мен құрылтайшыларының ісі тергелуде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ