Қағазсыз
сатып алу жүйесі оң нәтиже беруде. 2018 жылы электронды порталдың ауқымы кеңейе
түспек. Яғни аталған жүйе Қырғызстан, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттерді де
қамтитын болады.
Электронды сауданы іске
қосу жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сатып алушыларға бірдей бәсекелестік
мүмкіндіктер туады, құқық бұзушылықтың саны азаяды, сатып алуға жұмсалатын
шығын кемиді. Бүгінгі таңда көлемі жағынан үшінші орында тұрған Еуразиялық
электрондық порталға сұраныс аз емес, болашақта халықаралық дәрежеде жұмыс
істейтін боламыз, - дейді мамандар. 2016 жылдың қыркүйек айына дейін электронды
порталда жалпы сомасы 50 миллиард теңге болатын 4500-ден аса сатып алулар
өткізілген.