Русский Сайттың толық нұсқасы

Коллекторлар туралы заң. «Антихалықтық» және «Мафияны жеңу үшін басқару керек»...

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2016
  • 2179

Осы аптада Парламент Мәжілісіне Ұлттық банк өкілдері «коллекторлық қызмет» туралы заң жобасын таныстырды. Депутаттар «Халыққа қарсы заң» және «мафияны жеңу үшін оны басқару керек» деген тіркестер қолданды. 

Мұхтар Тінекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Сейчас вы хотите благодаря депутатам принять этот, я считаю, «антинародный» закон. Давайте будем иметь мужество и хоть один законопроект отклоним, который предложен правительством. 

Заң жобасын «Атамекен» ұлттық палатасы, қаржыгерлер қауымдастығы, қаржы ұйымдары қауымдастығы, коллекторлық ұйымдары мақұлдады деп жазыпсыздар, ал халық, мойнында несиесі бар жұрт мақұлдады ма? Сіздерде мойнында несиесі бар қарапайым адамдардың пікірі бар ма? Бұл - біріншіден. Екіншіден, талай жылдан бері айтылып келе жатқан тұтыну несиелеріне қатысты жағдайды тәртіпке келтіресіздер ме, жоқ па? Тұтыну несиелерін жұрт жетіскеннен алмайды. Сіздердің деректеріңізге сүйенсек, 5 миллионнан астам адамның мойнында осындай несие бар екен,

Гүлжан Қарағұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мафиямен күресу үшін оны басқару керек деген сөз бар ғой. Міне, енді бұл мафияны мемлекет осы заңмен басқаратын, ең бастысы реттейтін болады. Кешіріңіз, дұрыс айтпадым, бірақ принципі солай, өйткені тиісті ережелер орнату керек. Қарыз алушылардың құқықтарын конституциядан бөлек заңдармен де қорғау қажет.

Банкке қарыз адамның борышын қайтарумен айналысатын коллектор-фирмалардың көрші Ресейде неше түрлі сұмдық әрекеттерге баратынын сол  елдің ақпарат құралдары беріп жүр, нағыз рэкетшілер. Сондайды болғызбау керек.

Қазақстан ұлттық банкі коллекторлық агенттіктерді өз реестріне қосуды және тіркеусіз әрекет еткен, банк құпиясы саналатын деректерді ұрлаған, сатып алған, не бопсалау арқылы иеленген коллекторларға қомақты айыппұл салуды, немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынады.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Заң жобасы бойынша үйін кепілге қойған жеке тұлғалардың борышын банктердің, микроқаржылық ұйымдардың коллекторлық агенттіктерге беруіне тыйым салады.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтің сөзінше, миллионнан астам адам банкке қарызын төлемей жүр. Оның пікірінше, әсіресе дағдарыс кезінде мұны бомба деуге болады.

Ертең бұл әлеуметтік шиеленіске себеп болуы мүмкін. 10-20 адамның электр қуаты не қоқыс тасушылар ақысын төлемей қоюы - басқа мәселе. Ал мұндай ауқымды айтсаңызшы! Миллионнан астам адамның банктерге триллион теңгеден артық қарыздар болуы елдегі әлеуметтік ахуал жайлы алаңдау туғызады, - деді ол.

Елдің төлем қабілетінің төмендеуі қарыздардың қордалануына апарады. Ал қарызды ресейдегі кейбір коллекторлар сияқты жауыздықпен қайтару, адамдарды психикалық ауруға ұшыратып, кейде тіпті далада қаңғып қалуға жеткізеді. Сондықтан қанша жерден қиын болса да, несиесіз тіршілік құру керек. Кәдімгі тұрмысты айтамын, бизнесті емес.