Тараз қаласының №2 соты Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаровты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және мүліктік құқықты заңды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көмектескені үшін азаматтан 1 млн теңге пара алған.