Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде бетперде киген адам дүкенді тонап кетті

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2023
  • 1011

Қостанай облысы Қашар кентіндегі дүкенді кешқұрым бетперде киген бейтаныс тонап кетті.

Сатушы дереу полицияға хабарлаған.

Қара киімді қарақшы кассадағы 30 мың теңгені олжалап кеткен көрінеді.

Оқиға орнына жеткен тергеу тобы 52 жастағы тұрғынның ізіне түсіп, дереу ұстаған. Ұрланған ақша тәркіленді.

Күдікті бұған дейін де істі болған екен. Оған қатысты 191-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.