Аралас жекпе-жектен әзірге жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) бүгінгі кезекті жеңісінен кейін алдағы қарсыласы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде американдық Джефф Нилді (15-5) қылқындыру әдісімен тізе бүктірді.
«Ол октагондағы кезекті жеңісінен кейін «Колби Ковингтон, дайындал, сен - келесі қарсылассың!», - деді.
Рахмонов одан басқа бұл жөнінде орта салмақтағы UFC чемпионы титулы бойынша Леон Эдвардс және Камара Усманмен жекепе-жек өткізгісі келетінін айтты. Олар жақын уақытта аталған белбеу бойынша сайысқа түседі.