Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов азаматтарды қабылдады

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2016
  • 2924

Алтыншы шақырылымдағы Парламенттің демалыстан кейінгі екінші сессиясына кіріскен отырысқа мемлекет басшысы қатысып, алдағы маусымға тапсырмалар жүктегені белгілі. Осы жиында депутаттарға халықтың әл-ауқатын біліп, тығыз жұмыс атқару міндеті тапсырылған болатын. Мұны орындауға мәжілісмендер кірісіп те кетті. Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Парламент Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов азаматтарды қабылдады.

Фарида Магазумова, қала тұрғыны:

Бұл жерге Тамыз инсвест групп компаниясының үлескерлері жиналдық. 10 жыл болды бізді алдап келе жатқанына. Барлығымыз далада қалдық. Үлескерлердің өзі үш топқа бөлініп, түсініспеушіліктер орын алды.  Кейбірінің тіпті денсаулығы сыр беруде.  

Қоғамдық қабылдауға азаматтар түрлі сауалдармен келген. Басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын алға тартады. Депутат олардың шешімін табуына барынша қолдау көрсетілетінін айтты. Мәжілістің жұмыс кестесіне сай, айына бір рет қабылдау өткізу  «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жақсы дәстүріне айналған. Соңғы 7 айда жалпы 300-ден астам қоғамдық қабылдаулар өткізілген. Бұл жерде адамдар өз сұрақтарына татымды жауап және пайдалы кеңес ала алады. Сондықтан өтініш білдіруші астаналықтардың саны уақыт өткен сайын артып келеді.

Жанат Жарасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Жазылған адамдарды қабылдау болып жатыр. Біраз адамдар келіп кетті. Біраз мәселені көтерді. Әлеуметтік материалдық көмек сұрайды, жұмысқа орналасу, баспана дауы бойынша сот актілерімен келіспегендер де келіп жатыр. Оны енді заңды шешіп, көмектесуг дайынбыз.