Русский Сайттың толық нұсқасы

Бәйшешектің әр гүлін жұлғаны үшін 1,5 миллион тг көлемінде айыппұл салынады

Елімізде бәйшешек жойылып барады. Оның кейбір түрлері бір ғана үлгіде кездеседі. Бұл туралы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мәлімдеді. Алматы маңында «Қызыл Кітапқа» енген бәйшешектердің бірнеше түрі өседі. Мәселен, аппақ бәйшешектер, Алатау жауқазыны, Алматы шиқылдағы, Алтай ашықтұқымды өсімдігі. Олардың нақты санының есебі жүргізілмейді. Бірақ бүгінде бәйшешектердің азайып бара жатқаны анық. Ғалымдар оның бір себебін қала кеңейіп, құрылыс жұмыстарының белсенді жүріп жатқанымен байланыстырады. Сонымен қатар көктемнің келуімен көптеген демалушылар табиғатқа шығып, гүл жарған бәйшешектерді кесіп алады. Ал бәйшешектер түйін түрінде, тұқымдармен таралатындықтан, олар көбейіп те үлгермейді. Бұл өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді дейді мамандар.

Нұржан МҰХАМАДИЕВ, Ж. ЖИЕМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨСІМДІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бәйшешектердің таралу аймағы тарылып бара жатыр. Тау бөктерінде буферлік және қорық аумақтарын құруды ұсынып отырмыз. Соның арқасында Алматы мен Іле Алатауының табиғатының биологиялық әртүрлілігін сақтауға болады. Бұл жерлерде сирек кездесетін өсімдіктер көбейе алады. Осындай аймақтардың арқасында бәйшешектерді де сақтап қалуға болады.

Заңнамаға сәйкес, бәйшешектерді жұлғаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл салынады. Құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты үш жылға дейін бас бостандығынан айыру сынды қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.