Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы бар 88 балаға дәрі сатып алды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2023
  • 1700

«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті.

Қордың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2023 жылдың ақпанының соңында және наурыздың басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді.

«Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған», - делінген хабарламада.

Дәрі тек алдын ала тапсырыс беру арқылы сатып алынған.


Айта кетерлігі, өткен жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і – бала.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыра беретінін мәлімдеді.