Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да мас күйде жүрген 8 жасөспірім анықталды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2023
  • 864

СҚО-да 4 күн ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуы туралы 100-ден астам факт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9-12 наурыз аралығында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуының 110 фактісін тіркеді, оның 16-сы Петропавл қаласы бойынша анықталған. 8 жасөспірім мас күйінде байқалды: төртеуі аудандарда болса, төртеуі облыс орталығында. Құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді. Петропавлда ювеналды полицейлер 60-тан астам мекенжайға барды. Сондай-ақ аралау нәтижелері бойынша бір алкогольді асыра пайдаланатын ата-ана мен үш жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінді. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалған.

«Енді онымен профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады, қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысына материал жиналуы мүмкін. Сондай-ақ ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері мектептерге сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарына қатысу үшін келді. Олар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу», – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов.

Іс-шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.