"Орнықты
әлем географиясын қалыптастыру". Қазақстан бүкіл әлем елдерін осыған
шақырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме
жасады. Вашингтонда өткен антиядролық саммитте баяндама жасаған елбасы, үш
континентте де ядросыз кеңістікті кеңейтуді ұсынды. Осы бағытта Қазақстанның
жасаған жетістіктерін тізбеледі. Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі
халықаралық келіссөздер үдерісіне қосқан үлесіміз жайлы да айтты. Сондай-ақ,
АҚШ-тың қоғам қайраткерлерімен кездесу барысында, Қазақстанның әлемдік нарыққа
ураннан өзге, атом электр сансаларына қуат көзін жеткізе алатынын да қоса
кетті. Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру туралы МАГАТЭ
келісімінің мақұлданғаны айтылды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Создав
безъядерную зону в Центральной Азии, мы призываем сформировать географию
устойчивого мира. Это - расширение пространства шести безъядерных зон в
Евразии, Латинской Америке и Африке. Важным шагом стало подписание в августе
2015 года Соглашения с МАГАТЭ о размещении в Казахстане Банка низкообогащенного
урана. Это событие глобального масштаба. Мир должен оценить его как важнейшую
меру безопасного и мирного использования атома.
Еске
салайық, Нұрсұлтан Назарбаев шетелдерге жасаған ресми турнесі аясында алдымен
Бельгияға, сонан соң АҚШ пен Кубаға ат
басын бұрды. Аталған елдердің көшбасшыларымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық,
сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады. Сапар қорытындысы бойынша
бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА