Түркістан облысында салмағы 230 келі, бойы 1,5 метр болатын ең ірі қошқар тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл көрсеткіш Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелді.
Бұл туралы қошқардың егесі Қуаныш Мықтыбаев жеткізді.
Қуаныш Құдайбергенов, рекордтар кітабының ресми өкілі:
Қазақстанның рекордтар кітабының атынан Қуаныш Мықтыбаевқа қошқардың салмағы 230 келі екенін растайтын сертификат табыс етіледі. Ол еліміздегі ең ауыр қошқар ретінде тіркелді.