Русский Сайттың толық нұсқасы

Таңбаланбаған аяқ киімге айыппұл салынбайды: 1 сәуірден бастап аяқ киіммен айналысатын кәсіпкерлер үшін не өзгереді?

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2023
  • 1576

2023 жылдың 1 сәуірінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімді сатуға рұқсат етілген кезең аяқталады.

Не өзгереді?

Бизнес үшін басты жеңілдіктердің бірі 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын (міндетті аяқ киім таңбалау басталғанға дейін, яғни 2021 жылдың 1 қарашасына дейін әкелінген) сатуға рұқсат беру болды. Бастапқыда бұл мерзім 2022 жылдың 1 сәуіріне белгіленді, бірақ кәсіпкерлердің жаңа ережелерге бейімделуіне көбірек уақыт беру туралы өтініші бойынша бұл мерзім бір жылға ұзартылды. Бұл ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарды таңбалау және қадағалау ережесіне сәйкес кәсіпорынның таңбаланбаған аяқкиім қалдықтарын сатуға құқығы жоқ деген сөз. Таңбалаужәнеқадағалаудың қалғанережелеріөзгергенжоқ.

Қазақстан Республикасының заңнамасында аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылмаған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде таңбаланбаған өнімдер үшін айыппұлдар қарастырылған, бірақ олар тек темекі өнімдеріне қатысты, өйткені бұрын таңбалау коды акциздік таңбаның функциясын ауыстырды және оның болмауына қатысты айыппұлдар бұрынғысынша қалды.  

Заңда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылмағанына тағы да назар аударған жөн.