Русский Сайттың толық нұсқасы

Колледж студенттері SMS арқылы әскерге бару мерзімін кейінге жылжыта алады

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2023
  • 1120

Колледж студенттері SMS-хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады», - деп жазды Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті.

«Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.