Шымкенттік зейнеткер Абдлсамат
Бараисов аш-құрсақ жүруге мәжбүр. Өткен жылдың қарашасынан бері қуық мүшесін
алдыртып тастаған науқас жасанды гигиеналық құралға тәуелді. Ал ас суды
қалағанынша ішіп-жеуге сол құралдың жетіспеуі кедергі. Айтуынша, несеп айдағыш
құрал мемлекет тарапынан тегін берілуі тиіс. Алайда, оған қол жеткізе алмай
келемін, - дейді мүгедек қария. Жауапты мекеме өкілдері бар кінәні қаржыға тіреп
отыр. Мән-жайды әріптесім Айзада Төребекқызы анықтап көрді.
Қысасың ғой, қысқанда, бүйрек ауырады. Оны алып қойсаң, шешіліп кетеді. Ал менде онша запас жоқ.
64 жастағы Абдлсамат қария
жанынан ажырамайтын несеп айдағыш құралды үнемдеп пайдалануға көшкен. Қатерлі ісік анықталғандықтан, дәрігерлер
өткен жылы қуығын ота жасап алып тастапты. Екінші топтағы мүгедек содан бері
қажетін жасанды құралдың көмегімен өтеп жүр. Мұндай құрал тегін берілуі тиіс
екен. Жылына 365 дана. Бірақ тек 12-сін ғана алдым, дейді.
Абдлсамат Бараисов, 2-топ мүгедегі:
Жей алмаймын. Тамақ жей
алмаймын, мына жерінде бәрін жауып қояды да, қысып жатыр. Ауқатты жегенде тез
толады. Маған үнемі берсе, тамақты жей алар едім. Сонан ақша жетер
еді.
Науқас тегін алуы тиіс көмекті
сұрап қақпаған есігім қалмады дейді. Кісіге
алақан жаймау үшін өзім сатып алғаныммен, 65 мың теңге зейнетақым біріне жетсе
біріне жетпей жанды қинап тұр деп, мұң шағады қария.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Қарапайым тілмен айтқанда, гигиеналық құрал адамның қуығының қызметін атқарады. Науқас мына дөңгелекшесінің өзін 700 теңге сатып алса, қалташасы 765 теңге
тұратынын айтады. Бұдан бөлек қосымша шығындарын қосқанда, кемі екі жарым мың
теңге қаржы қажет. Ең қиыны - бұларды әр күн сайын жаңалап отыру қажет екен.
Вот смотрите у них цены. Вот
750 мл стоит 950 тенге, одна. Вот она цена.
Қарияның жағдайынан әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
өкілдері хабардар. Тіпті мемлекет қазынасынан осындай қажеттіліктерге 6 млн теңгеден астам қаржы қаралғанын да
жасырмады. Дегенмен, медициналық құралдар сатушы компаниялармен бағасына келісе
алмай жүрміз деген уәж айтып отыр.
Әбдіғали Ертаев, Шымкент
қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының
орынбасары:
Біз тікелей кесілімшарт жасасу
бойынша бергенбіз. Ал бірақ біз берген баға бойынша 728 теңгеден болғандықтан,
келісімшарт жасаушы қол қоюдан бас тартты, бағаның төмен болуына байланысты. Бұл бойынша облыстық
басқармаға хат берілді.
Жауапты бөлім басшылары, науқасқа аз да болса қол ұшын созу үшін қазір демеушілер іздестіріп жатқанын, айтып қалды. Мұндай қиындықты ешкімнің басына бермесін, - деп тілейді зейнеткер.
Шағым айтпауға тырысқаныммен, қаржының
тапшылығы қинап барады, - дейді. Гигиеналық құрал - несеп айдағышқа ол өмірінің
соңына дейін тәуелді. Ең ауыры да осы.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ