Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада киік атқан қала тұрғыны ұсталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2023
  • 1026

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері киікті заңсыз аулап, мүйізі мен етін сату арқылы қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген қала тұрғынын ұстады.

42 жастағы қала тұрғынынан 6 киік аңына ұқсас жануардың денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды.

​ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

​Күдікті УҰИ-ға қамалды.