Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2023
  • 787

Соңғы 4 күнде Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты. Дәл қазір Аспан асты елінен күніне 500-ге жуық көлік кіріп жатыр. Қазақстаннан Қытайға баратындардың да саны өсіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін екі елдің шекарасында кептеліс пайда болып, жүк көліктер өте алмай қалған еді. Осыған байланысты «Нұр жолы» бекетінің жұмыс уақыты ұлғайтылды. Электрондық кезек жүйесі жетілдіріліп, кеден бекетіндегі қызметкерлер саны көбейтілді. Сонымен қатар Қытайдың кеден, шекара қызметтерімен келіссөздер жүргізілген. Жауаптылар жағдай тұрақталды дейді. «Нұр жолы» өткізу пункті алдағы демалыс, мереке күндері де штаттық режимде жұмыс істейді. Қазір шекарадағы тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.