Русский Сайттың толық нұсқасы

Зағип жандар Брайль жүйесімен дауыс береді

Түркістан облысында 1 млн 168 мың 658 сайлаушының 78-нің жасы 100-ден асқан. Ал дәл бүгін алғаш рет таңдау жасаған 91 адам бар. Ал Шымкентте 330 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Елдегі үшінші мегаполисте 639 мың 633 сайлаушы бар. 6 мыңнан астам адамның мүмкіндігі шектеулі. Олардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Қол арбаға таңылған жандар арнайы такси қызметін пайдалануда.

Салтанат МАДИЯРҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі осындай еліміз үшін елеулі бір күнде өзімнің азаматтық міндетімді орындап, дауыс беру құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. Елдің ертеңі үшін әрбір адамның дауысы маңызды деп санаймын.

Шымкентте Салтанат секілді арбаға тәуелді 1 263 сайлаушы тұрады. Зағип және нашар көретіндердің саны - 3 572. Биыл алғаш рет көру мүмкіндігі нашар адамдар үшін брайль шрифтісі тәжірибеге енгізілді.

Ербол ӘДІЛБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дауысымды бердім, елдегі болып жатқан өзгеріске өз үлесімізді қоссақ деген оймен. Алдағы уақытта үлкен өзгерістерді күтеміз бұдан. Сондықтан осындай саяси сауаттылығымызды арттырып, барлық халықтың осындай сайлауға қатысуы дұрыс деп ойлаймын.

Қайырбек ҚҰНАНБАЕВ, АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Зағип жандарға шрифт брайль дейміз, лупа дейміз, содан кейін трафареттер жасалған. Ал саңырау адамдарға бізге 47 сурдоперевод аудармашылар қызмет атқарып келуде. Тағы да біздің әрбір мүгедектігі бар азамат сайлау осы сайлау учаскеден дауыс берем десе бізде қазіргі таңда 28 инватакси қызмет атқаруда.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейік, бүгін Шымкентте автобустар қала ішінде жолаушыларды тегін тасымалдауда. Бұл саяси науқанға қатысуға ниеттілерді қолдауға бағытталған тағы бір мүмкіндік.