Русский Сайттың толық нұсқасы

Байден COVID-19-дың шығу тарихы туралы ақпаратты жариялауды бұйырды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 1357

Америка Құрама Штаттарының президенті Қытайдың Ухань қаласындағы зертханаларда жүргізілген зерттеулер мен коронавирустық індеттің арасындағы ықтимал байланыс туралы мәліметтерді қоса алғанда, COVID-19-дың шығу тегіне қатысты ақпаратты жария ету туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы шетелдік басылымдар хабарлады.

Мәлімдемеде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірместен жария етуге болатын ақпаратты құпиясыз ететіні баса айтылған.

"2021 жылы мен АҚШ-тың Барлау қауымдастығына COVID-19-дың шығу тегін зерттеу үшін қолдағы барлық құралды қолдануға тапсырма бердім және бұл жұмыс жалғасып жатыр. Болашақта осындай пандемияның алдын алу үшін біз COVID-19 шығу тарихын білуіміз керек", - деді Джо Байден мәлімдемесінде.