Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат бюджеттік ұйымдарды электромобильдермен қамтамасыз етуді сұрады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2016
  • 2030

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов бюджеттік мекемелерді электромобильдермен қамтамасыз етуді сұрады. Үкімет басшысының атына сауал жолдаған халық қалаулысы көліктердің жеңілдіктермен берілгені дұрыс деп есептейді. Эко көліктердің бағасын төмендетіп, техникалық қызмет көрсету жағын реттеу керек деген ойда.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Экологиялық емес, іштен жанатын қозғалтқышты көліктерді эко көліктерге ауыстыру мәселесін көтеру керек. Экологиялық көліктер санын арттырып, жеңілдіктер арқылы бюджеттік ұйымдарды қамтамасыз ету қажет. Бүгінде елдегі экологиялық таза автокөліктер нарығын ынталандыратын шаралар жоқтың қасы. Ол үшін, бірінші кезекте жеңілдіктер жасаған дұрыс.

Айгүл ӘДЕПБАЙ