Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеден Ақтауға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 991

26 наурызда Ақтөбе-Ақтау бағытындағы Fly Arystan компаниясының КС7775 рейсіндегі ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания атап өткендей, төтенше қабылданған шешім "қолайсыз ауа райына" байланысты болған. Ақтауға ұшып жеткенімен қатты тұман болғандықтан ұшақ кері бұрылуға мәжбүр болды.

Ұшақ Атыраудан жергілікті уақытпен сағат 13:00-де қайта көкке көтерілуді жоспарлап отыр.

"Біз рейстердің кідіретінін немесе тоқтатылатынын алдын ала ескерту үшін барлық шараны қабылдаймыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің құзіретімізге бағынбай жатады. Осы жолғы рейстің кешігуі әуе компаниясының кінәсінен болған жоқ", - деп хабарлайды Fly Arystan.

Сондай-ақ, жолаушыларға сусындар ұсынылғаны, енді ыстық тамақ ұйымдастырылатыны нақтыланады.