Алматыда екі жүргізуші жолға таласып, жанжал соңында біріне бірі оқ атты. Оқиға қаладағы базарлардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі көлік жүргізушісі сөзге келген. Кейін олардың бірі қарсыласының бетіне оқ атқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалады. Қазір күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген «ИЖ» маркалі газ тапаншасы тәркіленді.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция Басқармасы ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.