«Нұр
Отан» партиясы мүшелері жергілікті полиция қызметіне қаржы бөлінуін сұрап,
ұсыныс жасады. Өйткені учаскелік инспекторлар тапшы. Аулаларда қоғамдық
тәртіпті бақылау үшін 110 сақшы керек. Бұл туралы демократиялық күштердің
жалпыұлттық коалициясы отырысында белгілі болды. Жергілікті бюджеттен қаражат
бөлінсе, қосымша жұмыс орындары ашылып инспекторлар саны көбеймек. Әсіресе,
шалғай ауылдарда сақшыларға сұраныс жоғары. Бастаманы депутаттар да құптап
отыр. Жергілікті полиция қызметі құрылғалы
ауыр қылмыстар мен қарақшылық шабуылдар 9-10 пайызға, жол апаттары 8
пайызға төмендеген. Оған партия қолдауымен өткізілген «Автобус»,«Қауіпсіз жол»,
«Жаяу адам» жедел алдын алу шаралары септігін тигізген.
Қадиша
Оспанова,«Нұр Отан» партиясы қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары:
Жергілікті
полицияның жұмысы жақсы жүріп жатыр. Бірақ бұдан да күшейту керек. Учаскелік
инспекторларға жұмыс орнын ашу керек. Аулалардағы тыныштықты, қоғамдық тәртіпті
қадағалайтын солар. Оның үстіне, жасөспірімдер арасында қылмыс көбейіп барады.
Аймағымыздың аумағы да үлкен. Сондықтан инспекторлар санын көбейтіп, оларға
жалақы төлесек, бізде тәртіп күшейеді. Бірнеше ауылға жауапты ауыл сақшыларының
да жұмысы жеңілдейді. Біз, депутаттар бұл мәселені талқылап,ол үшін қажет
қаражатты келесі жылдың бюджетіне енгізуді сұраймыз.
«Нұр
Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы «Мәңгілік ел» бағдарламасын жүзеге
асыруға да ат салысуда. Партияның қолдауымен үгіт-насихат жұмыстары қарқын
алған. Әсіресе, мектептерде акциялар
ұйымдастырылып жүр. «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихаттау іс-шараларын
өзге де білім ошақтарында өткізу жоспарланған.
Айжант ҚУАШ