Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат Чернобыль ардагерлерін 60 жастан зейнетке шығаруды сұрады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2016
  • 2588

Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандарды 60 жастан зейнетке шығарып, әлеуметттік төлемдерін арттыру керек. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Үкіметке сауал жолдады. Оның ақпарынша, Чернобыль апатының салдарын тартқан 32 мыңдай адамнан бес мыңнан астамы қалған. Жүзге жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал оларға сапалы медициналық қызмет көрсететін маман жоқ. Сондай-ақ депутат чернобыльдықтар көптеген салықтарды ел қатарлы төлеп отырғанын айтты. Ядролық апат салдарын жоюға қатысқан отағасы өмірден өтсе, отбасына жеңілдіктер де қаралмаған көрінеді.

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының мүшесі:

Үкімет осы мәселені қарастырып, ядролық сынақтар мен апаттардан зардап шеккен адамдарға арналған медициналық орталықтар ашылуы керек. Чернобыль апатына қатысқандар тек жер мен көлік салығынан босатылған. Өзге салықтарды төлейді. Олардың балалары медициналық тіркеуге алыну керек. Бірақ осы жеңілдіктерге әлі қол жеткізе алмай отыр.