Русский Сайттың толық нұсқасы

ТикТокта ойын ойнатқан екі алматылық тұрғын сотталды

Әлеуметтік желіде карта, лото, бал ашып, табыс табатындар көбейді. Алматының екі тұрғыны осы әрекеті үшін сотталып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алаяқтық екенін біле тұра халық оған қалай сенеді? Бұл құқық бұзушылыққа тоқтау бар ма? Тілшіміз Аружан Серік тарқатады.

Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Достар, қазір ойын басталады. Тезірек төменде көрсетілген нөмерге салып жіберіңдер. Бүгін 2 сағат комиссия ұстамаймыз». Міне, бар жұмыс осы. Еш қиындығы жоқ. Тиктокта тікелей эфирді қосып қойып, күні-түні карта ойнатасың да, бір айда 3-4 млн теңгеге кенелесің.

Иә, құдды бір ертегідей естілер. Бірақ екі алматылық осылайша 4 айда 13 млн теңге табыс тапқан. Олар алдымен қатысушылардың ақша жібергенін күтеді. Екі немесе төрт адамға карта таратады да, ойынды бастайды. Бұл кәдімгі бинго секілді. Кімнің жолы болады, сол жеңіске жетеді. "Ойнатушыға келетін пайда не?" деп сұрарсыз. Олар әр ойыннан кем дегенде 1000 теңге пайда табады.

Алдағандардың қуанышы көпке созылмады. Заңсыз әрекеттері үшін сотталды.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Олардың бұл әрекеті ойын бизнесі туралы заңның нормаларына қайшы келеді. Алматы қаласының 2 тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнес саласында аса ірі көлемде 319 млн теңгеден астам сомаға кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқықбұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.

Өтірік, алаяқтық екенін білсе де, халық сенуден шаршамайды. Табысқа оңай кенелем деп дәмеленеді. Алайда, кішкентай қызығушылық үлкен тәуелділікке алып келетінін ескермейді, - дейді психолог.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Олар бейсаналы түрде алданып қалатынын, ұтпайтынын сезгенімен де, олардың ішінде осы ойынға деген құштарлық, ішкі мотив итермелеп тұрады. Ойынға қатысу арқылы бірте-бірте олар нудоман болып кеткенін болмаса гемблингке беріліп кеткенін байқамай жатады.

"TikTok"-та жас та, кәрі де отырады. Сорақысы сол. Мұны көріп өскен бала құмар ойын ойнауға бейім болады. Санасы уланып, көзі үйреніп, заңсыз ойынды норма деп қабылдайды,-дейді мамандар.