Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза тапты

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2023
  • 1188

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты.

«1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты», - деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.

Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар.

Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.