Русский Сайттың толық нұсқасы

Тегін ұнға таласқандар көз жұмды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2023
  • 802

Пәкістанның Карачи қаласында адамдар арасындағы қыспақтан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 60 азамат жарақат алды. Дені – әйелдер мен балалар. Оқиға халыққа тегін ұн тарату кезінде болған. Анықталғандай, аталған мекеме басшылығы осы шараны өткізу бойынша жергілікті әкімшіліктен алдын ала рұқсат алмаған. Осыған байланысты кәсіпорынның 6 қызметкері қамауға алынды.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.