Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бос жұмыс орындарын жасырған 74 шенеунік жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2016
  • 2926

Оралда бос жұмыс орындарын жасырып келген 74 шенеунік жауапқа тартылды. Олар өз мекемелерінде жұмыс орындары бар екенін жұмыспен қамту орталықтарына уақытылы хабарламаған. Прокурорлар жүргізген тексеру кезінде 200-ден астам мемлекеттік мекемеде 2 мыңға жуық жұмыс орнының бос тұрғаны анықталды. Заң бойынша жұмыс орны босағаны туралы мәліметті жұмыс беруші үш күн ішінде мәлім етуі тиіс.

Сондай-ақ облыстың Бөрлі ауданында 156 жұмыс орны бір жарым жыл бойы бос тұрса, жедел жәрдем қызметінің басшылығы 139 қызметкер қажет екенін жұмыспен қамту орталығына хабарламаған. Олқылыққа жол берген 51 адам тәртіптік, 23 адам әкімшілік жазаға тартылып, 5 лауазым иесі қызметінен босатылды. Тағы бірі сөгіс алды. Ресми мәлімет бойынша, облыста жұмыссыздар саны 2 700-ге жуықтаған.

Әлия Теңізбаева, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры:

Көптеген мекемелердің басшылары бос жұмыс орындары туралы мүлде хабарламаған. Ал денсаулық сақтау басқармасындағы бос жұмыс орындарының жыл бойы бос тұрғаны анықталды.

Хамидолла Ирменов, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жұмыс істей бастайды да, жалақысы аз болғасын, Атырауға кетеді, басқа жерге барады. Сосын жұмыстан шығып кетеді. Сол кезде үш күн мерзімде уақытында бермеген соң, заң бұзушылық болып тұр. Иә, ондай жағдайлар болды. Мен «жоқ» деп айта алмаймын. 

Еркін КАРИН