Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бес баланы бетпен туған жоқпын ғой"

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2023
  • 857

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Жанатбек Бәйтеков әйелі туралы әзіл айтып, жұртты күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Актердің сөзінше, бірде әйелін жол полициясы тоқтатқан.

"Жұбайымның қасында жүрсең, жұға ма? Әзіл-қалжыңға жақындау. Жол полициясы ұстап алған. Құжаты үйде қалып кеткен. "Бір қоңырау жасашы" деген. ...Ана кісіге берген. Аржағынан айтып жатыр дейді. "Ол - қарындасым, бес баланың анасы, жібер" деген. Ол кезде бес баламыз бар. "Кешіріңіз қарындас, расында, бес балаңыз бар ма?" деген. "Иә, бес балам бар, Құдайға шүкір" деген. "Мә, мына түріңізге қарасам, бес бала туғанға ұқсамайсыз" деген. Сөйтсе жауабы ғой: "Бес баланы бетпен туған жоқпын" деген ғой, - деді ол.