Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мұны Ерке емес, Жұлдызай бастаған". Танымал актриса жеке өмірі туралы құпиясымен бөлісті

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2023
  • 1707

"Алғашқы" бағдарламасында әзілкеш Дәнекер Оразбай танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өмірлік жарын қалай кездестіргенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Актердің сөзінше, отырыстардың бірінде Жұлдызай болашақ жары Өмірсерікпен танысқан.

"2014 жылы болса керек, Ораза айы. Жұлдызай хабарласты. "Қалайсың?" деді. "Тыныштық па?" дедім. "Алматыға келе жатыр едім, күтіп аласың ба?" деді. "Күтіп алсам, күтіп алайын. Бүгін ауызашар беріп жатырмын. Ауызың берік пе?" дедім. "Иә" деді. "Келген соң ауыз ашасың" дедім. Жұлдызай келгеннен ауызы бір тынбады. Өмірсерік - қой аузынан шөп алмайтын бала. Екі күннен кейін Өмірсерік "сұрауға ұялып тұрмын" дейді. "Неменеге ұялып тұрсың?" десем, "Жұлдызай қандай қыз өзі?" дейді. Мақтауын жеткіздім. Маған Жұлдызайдың өтіп кеткені керек болып тұр. "Содан нөмерін бересің бе?" деді. Бердім. Үш аптадан кейін Жұлдызай хабарласып тұр. "Өмірсерік қандай жігіт?" дейді. "Екі аптадай болды киноға апарады. Не қол ұстаспаймыз, не сөйлеспейміз. Ойы бар ма?" дейді Жұлдызай. "Ойы бар" деймін. Өмірсеріктің де жарнамасын жібердім. Олардың қосылуына себепші болдым", - деді Дәнекер Оразбай.

Жұлдызай Дүйсенбиева да жары Өмірсеріктен жасы жағынан үлкен екен.

"Қазір әлеуметтік желіде Ерке мен Раймның әңгімесі қырғын болып жатыр ғой. Мұны негізі, Ерке емес, кезінде Жұлдызай бастаған. Жұлдызай Өмірсеріктен екі жас үлкен", - дейді актер.