Воронеж қаласының тұрғыны 19-қабаттан құлап, тірі қалды.
РИА Новости ақпаратынша, 40 жастағы азамат үйдің ауласындағы автокөлікке құлаған.
«1982 жылы туған ер адам Колесниченко көшесіндегі үйдің 19-қабатынан құлаған. Ол бас сүйек-ми жарақатын, омыртқаның компрессиялы сынығын алған», - деп ақпарат таратты қалалық жедел медициналық көмек қызметі.
Ол Воронеж қаласының №1 Жедел медициналық көмек ауруханасына жатқызылды. Воронеж облысы денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, дәрігерлер оның жағдайына қанағаттанарлық деген баға беріп отыр.
Бұл оқиғаның видеосы Telegram-арналарда тарап, онда ер адам келген құтқарушылардың көмегімен екі аяғына тұра алғанын көруге болады.