Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артқан

Қызылжарда өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артқан. Өңірде бірнеше ай бұрын «Сөйле» спикинг клубы ашылып, курс тыңдаушыларының саны 40 адамға жетті. Бүгін олармен қоғам белсендісі, блогер Яков Федоров кездесті. Қазақ тілін насихаттап жүрген белсенді азамат «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірлесіп, осындай топтарды бүкіл елде ашуға мұрындық болған. Ол мемлекеттік тілге деген сұраныс, әсіресе өзге ұлт өкілдерінің тарапынан байқалып отырғанын айтады.

Яков ФЕДОРОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, БЛОГЕР:

Біз оқу жүйесі барысында тәжірибеге басымдық береміз. Өзіміздің лайфхактарымыз бар. Соның арқасында тілді меңгеру қиынға соқпайды. Қазір осындай спикинг клубтар республиканың 12 қаласында ашылған.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Солтүстік Қазақстандағы ең бір белсенді клубтардың жұмысына қатысуға арнайы ат басын бұрып тұрмыз. Осы жерге біз жиған-терген тәжірибемізді бөлу мақсатында бірнеше азаматтар болып келдік. Қазір күн жылып, жаз шыққаннан кейін ашық аспан астында түрлі сабақтарды, жалпы жастарға өтімді форматта ұсынатын боламыз.