Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бірқатар салаларда маман тапшы немесе кей мамандықтарға оқытылмайды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2016
  • 2744

Елімізде дипломды азаматтар көп болғанымен, бірқатар салаларда маман тапшы немесе кей мамандықтарға оқытылмайды. Мысалы, Алматы тұрғыны Юля Максимованың егіз ұлы мен қызына аутизм диагнозы қойылған. Ол балалары мемлекетке масыл болмай, қоғамға бейімделуі үшін дефектолог, логопедтерден басқа жүріс-тұрыс сарапшысы, тьютор сияқты мамандардың қажеттігін айтады. Ал біздегі оқу орындарында ондай кәсіпке баулымайды. География ғылымдарының докторы, профессор Борис Степанов болса, селдің жайын жетік білетін мамандар саусақпен санарлық деп, дабыл қағады.

Борис Степанов, география ғылымдарының докторы, профессор:

Бар мамандардың өзі 60-ты алқымдаған ақсақалдар. Ал университетте оқып жүрген жастардың көбінің білімі таяз. Өйткені «селтану» ғылымы гидрология саласының ішінде оқытылады. Бұл екеуі екі бөлек ғылым. Өзіңіз ойлаңызшы, суды селмен  салыстыруға бола ма? Сел - тек су емес, оның ішіндегі бір тастың көлемі біз отырған бөлмеден асып түсуі мүмкін. Сондықтан екі ғылымды бірге оқытып, шатастыруға болмайды.

Мамандардың көптігіне қарамай, маман тапшылығын саралаған арнайы материалды ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.